Саят Медеуов «Үйден ем аламын» деп ауруын асқындырып алды (Фото)

0
Саят Медеуов коронавируспен ауырып қалғанын айтты. Әнші көпшілікті сақтануға шақырып, өзін емдеген дәрігерлерге алғысын жеткізді.
«Ассалаумағалейкүм құрметті ағайын! Баршаңызға тілерім ауырмаңыздаршы! Жылы жүріңіздер, имуниттеттеріңізді түсірмеңіздер. Қалай ауырғанымызды білмей қалу қаупі қатты. Тез өршиді екен.
Қазіргі таңда емдеуге болады, тек үйден ем аламын деп, уақытты өткізіп алдым. Осы дерттен айығуыма үлкен себепкер болған Қалқамандағы N 1 қалалық клиникалық емхананың ақ халатты абзал жандарына алғысым шексіз. Ертерек емханаға жүгініп анализ арқылы ем жасаған дұрыс деп ұқтым.
Жанашырлық сезімдеріңізді ояту үшін емес, басымнан өткенді жазып, емделіп шыққанымды айтып сіздерге де пайдасы болса екен дегім келді. Ойым қате болса кешіріммен қараңыздар. Еліміздің басына түскен осы нәубет мәңгіге жоқ болуына тілектеспін! Ауырмаңыздаршы!», – деп жазды әнші.
Саят Медеуов өлім аузынан қалып, аяққа тұрғанын айтты. Аллаға шүкір етіп, өзін қолдаған дос-жаранына ақ тілегін жеткізді.
“Мына індет мені де айналып өтпеді. Мен де бір аунап тұрдым. Құдайдың көрсеткен жарығы бар екен. Қайта тұрдым. Аллаға шүкір. Ақ халатты жандарға алғысым шексіз. Мені қолдаған ағайын-туыс, дос-бауырларға рахмет. Дүние жетпейді деп жүргенде Құдайдың ауасы жетпей қалған тіпті ауыр екен. Сақтанып жүріңіздер, ағайын”, – деді Медеуов.
“Алла шипасын беріп, ортаға оралыңыз Саяқа!!!”, – деп жазды Қайрат Әділгерей.
“Ауырмаңыз, Сакем. Аллаға шүкір, аяқтан тұрыпсыз”, – деді Ерғали Әбдірайымов.