Енді борышкерлер қарызы үшін жалғыз баспанасынан айырылмайды

0

Қазақстанда енді банктер борышкерлерді жалғыз баспанасынан шығармайтын болды. Әлеуметтік жағдайы төмен борышкерлердің  ипотекалық қарызы үшін жалғыз баспанасынан айырмау туралы меморандум күшіне енді. Құжатқа  ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Алматы қаласының әкімдігі қол қойған.

Бұл құжат халықтың әлеуметтік осал топбына жататын борышкерлердің ипотекалық қарызы үшін жалғыз тұрғын үйін алып қою және жалғыз баспанасынан шығару шараларын тоқтата тұруды көздейді. Мамандар меморандум жобасымен маусым айынан бері жұмыс істегенін айтады. Меморандум әзірге  Алматы қаласындағы борышкерлерді ғана қамтиды. Кейіннен мұндай келісімдер респбликаның барлық өңірлерінің әкімдігімен жасалмақ. Құжат 12 ай бойы ғана күшінде болады.