Аружан Саинның жаулары кім?

0

Қазақстандағы балалардың құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин Orda.kz порталының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға берген сұхбатында неге жаулары көп екенін және оған қарсы ұйымдастырылған ақпараттық шабуылдардың артында кім тұруы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды kznews.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлнәр Бажкенованың «Сенің жауың көп пе? Қазақстандағы балалардың құқықтары жөніндегі бұрынғы уәкіл Зағипа Балиеваның сізге өкпесі бар екені рас па?» деген сауалына Аружан Саин: «Мүмкін, әртүрлі нұсқалар бар. Одан бөлек біз қаржылық мониторинг агенттігімен, прокурорлармен, балалар үйі мен интернаттық мекемелерде жымқыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жұмыс жасаймыз.
Менің Көкжайлау қорғаушыларына қосылғаным да жауларымның санын көбейтті. Мен өз пікірімді ашық айта бастадым. Мен бұл жобаға бөлінетін 85-90 миллиард қаржыны көргенде, біздің қалада балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасының қорқынышты жағдайда екенін, бізде оңалту орталықтары жоқ екендігі туралы хабарлама жаздым. Осыларға бұл ақшаны бағыттауға болады. Бұған дейін Алматы қаласы әкімдігінің көп істерімен келіспейтіндіктен Алматының қоғамдық кеңесінен ашық түрде кеткен болатынмын. Осыдан кейін де ақпараттық шабуылдың жаңа толқыны басталды»
«Гүлнәр Бажкенова: Ол кезде әкім Бауыржан Байбек болды ғой?
Аружан Саин: Иә.
Гүлнәр Бажкенова: Ол да сізге ренжіді ме?
«Солай болып шықты», — деп жауап берді Аружан Саин.
Сұхбат барысында Аружан ханым басында омбудсмен болудан бас тартқанын, бірақ, Президент әкімшілігі сенім әрі қолдау білдіргеннен кейін келіскенін айтады.
Жүргізушінің «Абай ісі» бойынша қойылған сұрағына «біздің ұйымның тарапынан орындалу керек әрекеттер орындалды. Бала мен анаға заң жүзінде көмек көрсетілді… Бірақ, үй сатып әпере алмаймыз. Біз Үкіметтен «Зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау» бағдарламасы бойынша көмек сұраудамыз. Жауап күтудеміз…»
Еске салайық, оқушыға қатысты зорлық-зомбылық туралы ақпарат желіде 2018 жылдың наурызының ортасында пайда болғанеді. Бірнеше жоғары сынып оқушысы зорлық жасады деген күдікке ілінген. Бірнеше елден сарапшылар 14 зерттеу жүргізіп, бес айдан кейін шын мәнінде зорлау фактісі болды деген қорытындыға келді. 2002 жылы туған кәмелетке толмаған үш жасөспірім сотқа тартылды. Үш адамға қатысты қылмыстық қудалау 14 жасқа толмағандықтан тоқтатылды.
Сот процесі жабық режимде өтті. Ақырында бір сотталушы жалпы режимдегі кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді алқабилер шығарған еді.
Толық сұхбатты төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар.