Талибан қозғалысы жаңа өкіметтің құрамын жариялады
Талибан радикалды қозғалысының ресми өкілі Забиулла Муджахид Ауғанстан өкіметінің жаңа құрамы құрылғанын мәлімдеді. Бұл жайында AjArabic өзінің Twitter-де ақпарат таратты.
Бұдан былай Ауғанстанның премьер-министрі қызметін Мохаммад Хасан Ахунд атқаратын болды.
Оның бірінші орынбасары, Талибан радикалды қозғалысының идеологиялық тұлғасы Абдул-Ғани Барадар болып тағайындалды.
Ал, екінші орынбасары Абдул-Салам Ханафи болып бекітілді.
Ауғанстан Сыртқы істер министрі болып тәліптердің жетекшісінің бірі болған Амир-Хан Моттаки тағайындалды.
Қорғаныс министрі болып Талибан қозғалысы басшысының орынбасары Мохаммад Якуб тағайындалды.
Ішкі істер министрі болып «Хаккани» тармағының лидері Сараджуддин Хаккани тағайындалды.
Осылайша, Ауғанстанның жаңа өкіметінің құрамы бекітілді. Талибан радикалды қозғалысының өкілдері біраз уақыт бұрын Кабулды басып алғаннан кейін, өздерінің өкіметінің құрамын таныстыратынын мәлімдеген.