Алдағы күндері Қазақстанда -2 градусқа дейін үсік жүреді
Қазақстанға 2 градусқа дейін аяз келеді. Бұл туралы Қазгидрометтен хабарланды.
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.
Нұр-Сұлтанда 31 тамыз бен 2 қыркүйекте 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Елорда тұрғындарына алдағы суық туралы SMS хабарлама жіберілді.
31 тамыз-1 қыркүйек аралығында Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында дәл осындай температура болады.
«2-3 қыркүйекке қараған түні Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.
2 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.
2 қыркүйекке қараған түні Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.
2 қыркүйекке қараған түні Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.
2-3 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі», – деп толықтырды