Алматыда тісін жұлдыруға барған қыз стоматологияда қайтыс болды
Алматыда 22 жастағы қыз ақыл тісін жұлдырып, тістерін ретке келтірмек болған, деп жазды Айқын.
Sputnik.kz-тің жазуынша, ол тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген. Жалпы, қызмет құны 420 мың теңге болған. Анестезиолог оған операцияны толық наркоз арқылы жасайтынын айтқан. Операция алдында пациент анасына клиникада екенін ескерткен. Алайда ол үйіне оралмады. 6 сағаттан кейін ұлы анасына қоңырау шалып, әпкесінің қайтыс болғанын естірткен.
Анасы клиникаға келгенде қызын көруге жібермеген. Дәрігерлер қыздың анафилактикалық шоктан қайтыс болғанын айтты. Оқиға орнында полиция инспекторы болған және оның жанында дәрігерлер екі сағат бойы қызды қайта тірілтуге тырысқандарын айтты, бірақ ол мүмкін болмаған. «Жедел жәрдем » шақырылмаған, өйткені клиниканың реанимациялық бөлімшесі бар.
29 тамыз, жексенбі күні алматылық қызды үйлену тойында кимекші болған көйлекпен жерледі.
«Аталған факті бойынша тергеу басталды. Қылмыстық іс Әуезов аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді. Тергеу барысы департаменттің бақылауында», – деп жазды әлеуметтік желілерде Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов.