Жаңа жылдық мерекелерде үнемдеудің ең тиімді 4 әдісі — Қызықты деректер / Пайдалы мәліметтер — Bilim
Қыс қазақстандықтар үшін тек келе жатқан жаңа жылдық мерекелермен немесе сыйлықтарды сатып алумен ғана емес, сонымен қатар жеке немесе отбасылық бюджетке түсетін салмақты жүктемелермен де байланысты: жақындарға сыйлықтар сатып алу, жаңа жылдық дастархан жаю, сауық кешіне дайындалу және т.б.
Бүгін біз Хоум Кредит Банкінің қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшысымен бірлесіп, сіздер үшін жылдың ең басты мерекесіне қалай үнемді дайындалу керектігі жөнінде бірнеше іскерлік кеңестер дайындадық.
1. Жеңілдіктерді саралаңыз
Бірінші қаңтарға жақын дүкендер көптеген келушілерді қабылдауға дайын. Әлеуетті клиенттердің назарын аудару және тауарды неғұрлым көп сату үшін дүкендер бағаны айтарлықтай төмендетеді. Кей жерлерде жеңілдіктер 90%-ға дейін жетуі мүмкін!
Бір жақсысы, қазір әрбір дүкеннің өз сайты бар, онда сіз жеңілдіктерін бағдарлап, ақпаратпен қаруланып, техниканы, киімдерді немесе басқа да сыйлықтарды сатып алуда қаржыңызды едәуір үнемдей аласыз.
2. Сатып алу тізімін алдын ала дайындаңыз
Бас айналдырар жеңілдіктер тіпті ең үнемшіл адамдардың өзін жолдан тайдыра алады. Эмоцияның жетегінде қажетсіз затты сатып алуға жол бермеу үшін смартфонға қажетті заттардың барлық тізімін жазып алыңыз. Барлығын қамтыңыз: азық-түлікті, сыйлықтар мен киімдерді. Сіз артық шығынға бір қадам жақындағанда, жай ғана тізімге қарап қойыңыз. Ол сізге жоспарланған жолдан ауытқымауыңызға көмектеседі.
3. Барлығын алдын ала сатып алыңыз
Сыйлықтарды көптен күткен мерекеден екі апта бұрын сатып алып, артық төлеп, қымбатқа ұрынамын деген ойдан аулақ болыңыз.
Біріншіден, сіз сатып алғыңыз келетін тауар 31 желтоқсан қарсаңында сөрелерде болмауы мүмкін. Себебі ол сатылып кетуі ықтимал.
Сауда және ойын-сауық орталықтарына жаңа жыл алдындағы қарбаласқа толы күндерде емес, сәл ертерек барсаңыз мол таңдауға кезігесіз.
Екіншіден, сіз уақытты үнемдейсіз.
Адамдар барлық істерді кейінге қалдырғанды жақсы көреді. Бұның жаңа жылға сауда-саттық жасауға да қатысы бар.
29-30 желтоқсанда барлық супермаркеттер, СОО-лар және базарлар «кешіккен сатып алушыларға» толады. Соның салдарынан кезекте уақыт жоғалады, жүйке тозып, көңіл-күй түсетіні анық.
4. Бөліп төлеуді қолданыңыз
Қазақстандықтар осы кезеңде әрбір жақын туыс пен достарға көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін біледі. Барлық сыйлықтарға ақша жетпеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда сізге бөліп төлеу көмекке келеді, әсіресе, 20 000 теңгеден бастап кез-келген тауарға 3 айға бөліп төлеу тіпті тамаша мүмкіндік! Бұны көптеген қазақстандықтарға таныс «Дос» несие картасымен жүзеге асыруға болады.
«Дос»-тың арқасында сіз бірінші төлемді 62 күнге дейін кейінге қалдыра аласыз, жоғарыда айтылған 3 айға бөліп төлеуді, сондай-ақ банктің серіктестері желілерінде12 айға икемді бөліп төлеуді ала аласыз. «Дос» жеке бюджетке салмақ түсірместен мерекені бақытты қарсы алуға көмектеседі және ешкімді сыйлықсыз қалдырмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: