Ауғандық ана сәбиін құтқару үшін тікенек сым арқылы сыртқа қарай лақтырып жіберді (видео)

0

Кабул тұрғыны әуежайда сәбиін елден шығару үшін тікенек сым арқылы сыртқа лақтырып жіберді. Бұл сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ауғандық ата-аналар кез келген жолмен балаларын шетелге шығаруға тырысып жатыр.

Ауғандық ата-аналар кез келген жолмен балаларын шетелге тасымалдауға тырысып жатыр, әскерилерден оларды өздерімен бірге алып кетулерін өтінуде деп хабарлайды Independent.

“Аналар шарасыз күйде болды, оларды талибтер ұрды. Ата-аналар «Баламды құтқарыңыздаршы!» деп бізге сәбилерін лақтырды. Кейбір балалар тікенек сымға құлап түсті. Бұл оқиғалар қорқынышты болды. Түн біткенше арамызда жыламаған адам болмады”, – деді британ армиясының офицері.

Барлық күш-жігерге қарамастан, британдықтар елде Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билігінде қалғысы келмейтін барлық тұрғындарды физикалық түрде эвакуациялай алмайды.

Қазіргі уақытта әуежайдан жүздеген метр қашықтықтағы Baron қонақүйінде әскерилер 20 жыл бойы соғыс кезінде үкіметке жұмыс істеген британдық азаматтар мен ауғандықтарды жинап жатыр. Тәліптердің айтуынша, кем дегенде 12 адам әуежайда қайтыс болды – оларды не атып өлтірді, не таптап кетті.