Теміртау тұрғыны бэтмобильді 425 миллион теңгеге сатуға қойды (фото)

0

Көлікті Евгений Бондаренко есімді Теміртау тұрғыны үш жыл құрастырған. Енді ол туындысын сатылымға шығарды.

Ол машина үшін 425 000 000 теңге сұрайды. 1 млн доллардан сәл асатын баға бэтмобильдер нарығында орташа құн саналады, себебі мұндай көшірмелердің көбі 1-1.6 млн доллар аралығында сатылған.

Біздің елде жасалған Tumbler-дің жалпы қолданыстағы жолға шыға алмайтынын айта кеткен жөн, әрі ол қазір Kolesa.kz порталындағы ең қымбат көліктер көшін бастап тұр. Ал одан кейінгі орынға 2019 жылы шығып, 160 км жол жүрген Mercedes-Maybach S 650 жайғасқан. Оның бағасы – 370 млн теңге.

Бэтмобиль артқы осінде қатты белдігі бар металл қаңқаға негізделген. Шанақтың асылмалы панельдері шыныпластиктен жасалды. Tumbler капотының астына жапонияда жасалған V8 (1UZ-FE) қойылған. Ол нұсқасына байланысты 256-300 ат күшін (353–420 Нм) береді. Мотор автоматты қораппен жұмыс істейді.

Шебер машинаның артқы бөлігіне 44 дюймдік бүртабан шина, алдына 29 дюймдік Mickey Thompson Sportsman Pro орнатты.