25 тамызға дейін: Грантына ие болғандарға шұғыл хабарландыру жарияланды
Мемлекеттік білім гранты иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс, деп хабарлайды ЭК.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол үшін е.Gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беру қажет.
«Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қолжетімді болады. «Жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылдану үшін ЖОО-лардың виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Тізім ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған», — делінген хабарламада.
Бұған дейін 14 тамызда ілім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылына білім гранттарын бөлу нәтижесін жария еткен болатын.
2021-2022 оқу жылына 56 мыңнан аса грант бөлінген. Былтырғы көрсеткіш бұдан бес мыңға кем болған. Биыл байқауға 75 мың адам өтініш беріпті.