Кабул әуежайындағы хаос: әскерилер ұшаққа ұмтылған адамдарға оқ атты

0
615

АҚШ әскері Кабул әуежайында Ауғанстаннан эвакуация кезінде тәртіпті қамтамасыз ету үшін ұшу алаңына басып кірген бір топ адамға қарсы аспанға ескерту оқ атты.

«Мен қатты қорқып тұрмын. Олар әуеге оқ атуда. Мен бір қызды қалай таптап кеткенін көрдім, ол жан тәсілім етті» ,- деп жеткізеді агенттік куәгердің сөзін.

Өз кезегінде BFM телеканалы өзінің сайтында Тwitter әлеуметтік желісінде куәгерлер түсірген видеоны келтіреді, онда Ауғанстаннан ұшып кеткісі келген жүздеген адамның қоршауды бұзып өтіп, ұшақ айлағына қарай ұмтылғанын көруге болады. Жазбадағы фон сыртынан оқ атылған қарудың дауысы естіледі.

Қазіргі уақытта Кабул әуежайынан Батыс азаматтарын жаппай көшіру жүріп жатыр. Брюссельдегі дереккөздердің хабарлауынша, бұл әуе айлағы Ауғанстандағы НАТО күштерінің бақылауында қалған соңғы ірі объект болып табылады, оның қауіпсіздігін АҚШ, Ұлыбритания және Түркия әскерилері қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі АҚШ Кабулдағы елшілігі қызметкерлерін астаналық әуежайға көшіруді аяқтағанын хабарлаған болатын. Пентагон өкілі өз кезегінде АҚШ Кабулдағы әуежай аймағындағы әскери қызметкерлер санын жақын арада 6000 -ға жеткізуге ниетті екенін айтты.