Түркістаннан шыққан Нью-Йорк полициясының инспекторы туған жерін еске алды

0

Нью-Йорк полиция инспекторының орынбасары Игорь Пинхасов Қазақстанда өткен балалық шағынан сыр шертті, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ол Studiya_7tv жобасының тілшілерімен болған әңгімеде айтқан.

Игорь Пинхасов Қазақстанда дүниеге келген. Түркістан қаласындағы №15 мектепте білім алған ол 14 жасында Түркістан қаласынан АҚШ-на қоныс аударыпты.

Біз ата-анам, аға-қарындасыммен бірге АҚШ-қа 1996 жылы көшіп келдік. Содан кейін туған өлкеге оралмадым. Әрине, туған жеріме барғым келеді, Қазақстанды сағынамын. Өзімнің туып-өскен жерімнің ұлы әрі тарихи қалаға айналағанын мақтан тұтамын,

— дейді Игорь.

Оның айтуынша, Игорьдің атасы Кеңес Одағында офицер болған.

Кішкентай кезімнен маған адамдарға әрқашан көмектесу керек деп үйретті. Мектепте оқып жүргенімде Нью-Йорк полициясында тәжірибеден өту мүмкіндігі туды. Осылайша еңбек жолымды полиция басқармасында жалғастырып келемін. Қазір 105-ші округтің командирімін» , — дейді Игорь.