Шетелге көшкен азаматтар зейнетақы қорынан 17 миллирд теңге алып кеткен

0
742

Қазақстаннан шетелге көшкендер биыл зейнетақы қорынан 17 миллиард теңгеден астам қаражат алып кеткен, деп хабарлайды “Информбюро”.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл қаражаттың 14 миллиардын ресей рублімен беріпті. Ал 120-ға жуық азамат ақшасын АҚШ долларымен алған.

Қазақстаннан біржолата кетіп, өзге елдің азаматтығын алған 8 мыңнан астам адам осы жылы зейнетақы қорындағы қаражаттарын шешіп алған. Бұл 17 миллиард 3 миллион теңге. Зейнетақы қоры 2,2 миллиард теңгенің 860 төлемін ұлттық валютада берсе, 14 миллиард теңгені рубльге конвертациялап аударған. Ал АҚШ долларымен 500 миллион теңгеге тең сома берілген. Еуромен 200 миллион теңге, фунд стерлингпен 50 миллион теңгенің төлемі жүргізілген. Барлық қаржылық операциялар ұлттық банктің ресми бағамына сәйкес есептелінген.

Қордағы қаражатты шешіп алғандардың 7 мың 300-ден астамы Ресейге, 71-і Германияға кеткен. Беларусь еліне қоныс аударғандар саны – 36. Одан кейін 18 төлем тікелей АҚШ-қа жіберілген. Ондықтың соңында Өзбекстанға 10 адамның төлем жасауды сұратқанынан аңғаруға болады. Ал сарапшылар, Қазақстаннан білімді жастар мен білікті мамандардың кетіп жатқаны жасырын емес дейді.

 

“Бұл жерде екі санатқа бөлуге болады. Жастардың кетуі және орта белден асқан азаматтардың кетуі. Жастардың кетуінің бірден-бір себебі ол ішкі өзінің потенциалын, ішкі өзінің ой-жігерін Қазақстанда жүзеге асыра алмағандықтан кетеді. Ал енді мына орта белден асқан азаматтардың барлығының баратыны бұл жерде тапшы мамандар. Бұл кезінде Кеңес Үкіметі кезінен сақталып қалған мамандардықтар бар, инженерлер, үлкені ірі көлемде технологтар мысалы, олардың бәрі қазір шет мемлкеттерді өте қатты сұрансқа ие”, – дейді экономит Мақсат Серәлі.

Сарапшылар қоныс аударғандардың ішінде байырғы Отанына қайта кеткендердің де аз емес екенін айтады. Бірақ жастардің көбі шетелдік компаниялардың ұсынатын әлеуметтік пакеттеріне қызығып көшіп жатқанын айтады. Айта кетейік, жинақталған зейнетақы қаражаттары басқа елдің азаматтығын алған жағдайда ғана беріледі. Ал шетелде уақытша тұратындарға мұндай мүмкіндік берілмейді. Қайткен күнде де, Қазақстанға келушілерден қарағанда елімізден кетіп жатқандардың саны басым. Мәселен, осы жылдың қаңтар-мамыр аралығында елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны 3662 адам болса, кеткендердің саны 10 мыңға жуық адамды құрайды.