«355 мың теңге»: Олимпиададағы Қазақстан құрамасы киген форманың бағасы елді шошытты
Олимпиададағы Қазақстан құрамасының формасы сатылымға шықты. Оны Токиодағы ең стильді киімдердің бірі деп таныған. Бірақ форманы алғысы келген отандастарымызды бағасы шошытып отыр.
Мысалы, пиджак – 150 мың теңге, худи – 110 мың теңге, шалбар – 60 мың теңге және футболка – 35 мың теңге тұрады. Осылайша, бұл жиынтықты 355 мың теңгеге сатып алуға болады.
Әлеуметтік желіде жаңалық қызу талқылануда.
Дизайнер Салтанат Баймұхамедованың дүкені дайын форманың жоқ екенін айтты. Барлығы дерлік демалыс күндері сатылып кеткен. Енді тек алдын ала тапсырыстар ғана қабылданады.
Айтуларынша, мата аз, бірақ алатынын айтқан тілек білдірушілер көп. Дизайнер қысқа мерзімге байланысты материал Тайваньдан ұшақпен жеткізілгенін, сондықтан тауардың құны қымбат болғанын атап өтті. Жиынтық жеке өлшемдер бойынша тігіледі. Дизайнер сатылым қайталанбайтынын және форманың арзан нұсқасы болмайтынын хабарлады.
“Өзіміз бәрін қолдан тігеміз. Қалғандары әкелінеді. Кедендік міндеттемелер, логистика, тасымалдау бәріне ақша төленеді. Сондай-ақ, мамандар менімен жұмыс жасау үшін барлығына бірдей жақсы жалақы төлеуім керек”, – дейді дизайнер.