Цой: «Pfizer вакцинасы тек жүкті әйелдер мен балаларға салынады»

0
131

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын тек балалар мен жүкті әйелдер салдыра алатынын айтты.

Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын басқа санаттағы адамдар күтпегені дұрыс.

«Оған сенудің қажеті жоқ, қазір барып, екпе алу керек. Бір апта ішінде Қытай Халық Республикасынан ДДСҰ мақұлдаған тағы бір вакцина келеді. Оны салдыруға болады», – деді Алексей Цой Telegram-дағы Coronavirus2020.kz-арнасы жариялаған видеода.