«Федерация басшылары — спорттан хабары жоқ шенеуніктер»: Сарапшылар қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы сәтсіздігінің себебін айтты
Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың қоладан өзге медаль ала алмауы сарапшылардың қызу талқысына түсті. Олар биылғы дүбірлі доданың көрсеткіштерін Қазақстан спорт тарихындағы ең ұяттысы деп бағалады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Айта кетсек, бүгінде Қазақстанның қоржынында 7 қола медаль бар. Олимпиада жүлдесі бойынша әлемдік рейтингте еліміз 76 орынға табан тіреді.
Сарапшылардың айтуынша, бұл жолғы Олимпиада Қазақстан үшін сәтсіз болды. Әсіресе, қазақстандық боксшылар үміт ақтамады, дейді олар.
“Ширек финалдың өзінде біздің боксшылардың жартысы жарыстан шығып кетті, ал жартылай финалға тек екі спортшы шықты. Бұл – өте ұят. Тарихымыздағы ең нашар көрсеткіш. Басқалай айтуға келмейді”, – дейді спорт шолушысы Сергей Райлян.
Осыған орай, сарапшылар қазақстандық спортқа түбегейлі өзгеріс деген пікірде.
“Көптеген спорт федерациясының президенттері өз федерациясының өміріне араласпайды. Бізде мұндай федерациялардың басшылары – шенеуніктер. Олар өз федерациясына қатысты спортпен еш байланыстары жоқ адамдар. Ары кетсе, тек теледидар арқылы көрген. Басшылық қызметті өз ісінің мамандары, спорттан хабары барлар атқарса, игі болар еді. Тек осы жағдайда ғана федерацияларымыздың беделі өседі”, – дейді “Қазақстандық спортшылар қауымдастығы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Тағы бір мәселе – спортшылар қауымдастығында жалақының аздығы, дейді мамандар. Сондықтан тәжірибелі жаттықтырушылар үлкен спорттан коммерциялық ұйымдарға кетуде. Сарапшылардың пікірінше, егер осылай жалғаса берсе, Қазақстанда чемпион қалмауы мүмкін.