Қазақстанның кейбір аймағында 45 градусқа дейін ыстық болады

0

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 7-9 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауады.

“Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысын да күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде желдің күшеюі және жылудың 20-25 жылуға дейін әлсіреуі күтіледі. Республиканың қалған аумағында жауын шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады, республиканың батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі”, – дейді мамандар.