Жұлдыз жорамал: Тамыз айында кімдерді табыс пен жетістіктер күтіп тұр

0

2021 жылдың тамызына арналған қаржылық жұлдыз жорамалды назарға ұсынған астролог, парапсихолог Оксана Лукина төрт зодиак белгісін осы айда толағай табыс пен жетістіктер күтіп тұрғанын болжады деп жазады VM басылымы.

Тоқты

Тамыз айында тоқтылар қаржылық әл-ауқатын айтарлықтай жақсарта алады. Барлық табыс көздерін іздеп, неғұрлым белсенді болсаңыз, әмияныңыз да соғұрлым тезірек толады. Десе де шығындарыңызды сарапқа салмасаңыз, толағай табысқа кенеле алуыңыз екіталай. Жетістіктерге жету үшін жиналған қаражатты барыншы тиімді жұмсауды ойлауыңыз қажет.

Шаян

Егер сіз әр ісіңізді стратегиямен іске асыратын болсаңыз, алға қойған мақсаттарыңыз орындалуы мүмкін. Әрекеттердің нақты жоспарын құрыңыз, идеяларды дәптерге жазуға болады. Айналаңыздағы адамдар сіздің белсенділігіңізді жоғары бағалап, мансабыңызда көтерілуге ​​мүмкіндіктер пайда болады.

Арыстан

Тамыз айында әл-ауқатыңызды жақсарту үшін ұтымды шешімдер таба аласыз. Жұлдыздар сізге қарыздан құтылу немесе мұрагерлік сияқты жағымды жайттарды уәде етеді. Десе де тамыздағы шығындарды мұқият қадағалаңыз.

Суқұйғыш

Жұмыстағы қызықты жобалар сізге пайда әкеледі. Егер біреу сізге қарыз болса, еске салудан тартынбаңыз — айдың екінші жартысында сіз өзіңізге тиесілі барлық нәрсені қайтарасыз. Астрологтар тамыз айында ақша күтпеген жерден суқұйғыштың қалтасын қампитады деп сендіреді. Сондықтан жобаларға білек сыбана кірісіңіз.