Қазақстадық бапкерлер Олимпиадаға іріктеуде жеңген спортшыны әкелмеген
Грек-рим күресі бойынша Токио олимпиадасына келген Демеу Жадыраев қарсыласынан жеңілді.
Ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жапониялық Якибу Сохейге жол берді. Тартысты белдесу 5:3 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.
Токиодан тікелей хабар таратып жатқан журналист Руслан Меделбек: «Грек-рим күресінен 77 келіде белдескен Демеу бірінші айналымда жапон Якуби Сохейді жеңе алмады. Бұл салмақта жолдаманы негізі Асхат Ділмұхамедов жеңіп алған еді, бірақ бапкерлер Токиоға Демеуді әкелген. Күресте жолдама командаға беріледі, кімді апаратынын бапкерлер шешеді. Олимпиада алдында жаттықтырушылар «кейінгі уақытта Асхаттан қарағанда Демеу жақсы күресіп жүр» деген еді.
Асхат әлем чемпионатында қолаға таласқан… Демеуді таңдау жанкүйерлер арасында қарсылыққа тап болған. Бірақ бапкерлер жабылып алып, себебін түсіндірмеп еді… Енді жанкүйер тарапынан сұрақ тағы көбеймек» деп жазды.