Жексенбі күні Ақтауда болған жағдай тұрғындарды дүрліктірді – видео

0
4437

Мұндай жағдайды саябақтан бөлек, 6-шы және 8-ші шағын аудан тұрғындары да көрді. Олар әлеуметтік желіде видео бөлісіп жатыр

Ақтауда қаланың бірнеше ауданында жылқылар ағаш жапырағын жеп жүр. Тұрғындар 1 тамыз, жексенбі күні түсірілген видеоны бөлісуде, деп жазады жергілікті “Лада” басылымы.

“Жылқылар неге қалалық саябақта бұталарды сындырып, жапырақ жеп жүр? Бәрінде ен көрінеді, иесін анықтайтын адам бар ма?”, – деп шағымданды Оксана есімді қала тұрғыны.

Мұндай жағдайды саябақтан бөлек, 6-шы және 8-ші шағын аудан тұрғындары да көрді.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан жүздеген жылқы қырылды. Қазгидромет хабарлауынша, өңірде жауын-шашын мөлшері нормасының 17 проценті ғана жауған.

10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралардың қолға алынбағанын ерекше атап өтті.

Оның пікірінше, министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ.

Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаров отставкаға кетті.