«Балаларыңызды ойлаңыз». Маңғыстау облысында әкім той қонақтарын күтіп алды (видео)
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтіразов мейрамханаға тойға келген адамдарды күтіп алып, үйге қайтуын сұрады, — деп хабарлайды Lada.kz.
Рейд жүргізушілер әкімнің тойға келген әйел адамға карантин режимін сақтаудың маңызын түсіндіріп жатқан сәтін түсіріп алған.
«Бүгін 14 адам қайтыс болды. Апа, сақтанғанды Құдай сақтайды. 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, кішкентай сәбиді ойлаңыз», — деді әкім.