10 жыл «өліп», қайта тірілген әйел (видео)

0
562

Алматы облысының тұрғыны құжат ресімдеймін деп өзінің 10 жылдан бері тірілер тізімінде жоқ екенін білді.

Галина Ақкөзова күйеуін ақтық сапарға шығарып салғаннан кейін, артында қалған мүлкін ресімдеп, мұрагерлік құжаттарды жасату үшін Мемлекеттік кіріс басқармасына барған, деп мәлімдейді Евразия арнасы. Сол жерде ол өзінің тірілер тізімінде жоқ екенін білген.

Облыстық мекемеден марқұм күйеуінің тірілер санатында, ал өзінің өлілер қатарында екенін естіп, қайран қалған ол Қаржы министрлігіне де хабарласқан.

Елордаға телефон шалып, ЖСН бойынша дерек сұратқан кезімде, Кузнецова Галина Александровна, деп менің қыз кезімдегі аты-жөнімді айтты да, мемлекеттік салық базасындағы тіркеуден 2011 жылдан бері босатылғанымды жеткізді,

— дейді Галина Ақкөзова.

Министрліктегілер Галинаны тірілер тізімінен кімнің шығарып тастағанын және оның құжатын қалай реттеу керектігін білмейтіндіктерін айтқан. Тек, журналистер араласқаннан кейін жергілікті шенеуніктер 10 жыл бойы өлілер тізімінде тұрған әйелдің құжатын үш күн ішінде жасап беруге уәде берді.