Баландин Олимпиададағы алғашқы жарысын бастады

0

Бүгін Токиода ерлер арасында 100 метрге брасс әдісімен жүзу басталды, деп хабарлайды ЭК.

Еліміздің атынан Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин қатысты.

Бесінші топта жарысқан Дмитрий аталған қашықтықты 59,75 секунд жүзіп өтті. Сөйтіп, отандасымыз іріктеу кезеңінде алтыншы орынмен шектелді. Ал қорытынды хаттамада Баландин 17-сатыға тұрақтады. Сондықтан үздік сегіздікке іліге алмай, жартылай финалға өтпеді.

Бүгін іріктеуде америкалық Майкл Эндрю үздік нәтиже тіркеді. Екінші орында англиялық Джеймс Уилби, үшінші орында германиялық Лукас Матцерат бар.

Дмитрий Баландин үшін негізгі бәсеке 200 метрде болмақ. Ол Риодағы алтынын да осы қашықтықта жеңіп алған болатын.