Алматыда жол апатынан көз жұмған жолаушы өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды

0

Алматыда қайғылы жол апатына себепкер болған жүргізуші екі жарым жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 2020 жылдың қараша айында болған. Рысқұлов даңғылымен шығысқа қарай қозғалған Mercedes E-class автокөлігінің жүргізушісі жолда өзге көлікпен жарысып, тізгінге ие бола алмай қалған. Автокөлік жол ортасын бөліп тұрған темір қоршауға соғылып, салдарынан жүргізуші жанында отырған жолаушы сол жерде көз жұмды.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі және 347-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа өткен болатын. Судья жүргізушіні 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.

https://youtu.be/ZeZaA-SF1qU