Mercedes-Benz 2030 жылға қарай электромобиль өндірісіне толық ауысады

0
102

Mercedes-Benz 2030 жылға қарай электромобиль өндірісіне толық көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Daimler концернінің сайтында 22 шілдеде жарияланған хабарламада айтылған, деп хабарлайды KzNews.kz.

2022 жылға қарай Mercedes-Benz компания қызмет көрсететін барлық сегменттерде аккумуляторлық электромобильдерге ие болады. 2025 жылдан бастап көлік құралдарының барлық жаңа үлгілері тек электрлік болады. 2022-2030 жылдар аралығында электромобильдерге салынған инвестициялар 40 миллиард еуродан асады.

«Келесі жылы-ақ сегіз Mercedes-Benz электромобилі үш құрлықтағы жеті зауытта шығарылатын болады. Сонымен қатар, 2022 жылға қарай Mercedes-Benz AG-нің жеңіл автомобильдер мен аккумуляторларды құрастыруға арналған барлық өндіріс орындары нөлдік көміртекті өндіріске ауысады», – делінген хабарламада.

Осылайша, әйгілі әлемдегі немістің авто алыбы, американдық Tesla автомобиль компаниясы сияқты, әлемдік автомобиль индустриясының болашағы электромобильдерге тиесілі деп шешті.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты