Қазақстан халқының саны есептелді
2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ел халқының саны — 18 миллион 984 мың 800 адам.
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын есептеді, — деп хабарлайды.
2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ел халқының саны — 18 миллион 984 мың 800 адам, оның ішінде қала халқы — 11 миллион 237 мың (59,2 пайыз), ауыл халқы — 7 миллион 747 мың 800 адам (40,8 пайыз).
2020 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 249 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.
2021 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-мамырмен (106,8 мың адам) салыстырғанда 4,4 пайызға ұлғайды және 111,5 мың адамға жетті. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда — 14,18 адам.
2021 жылғы қаңтар-мамырда елге келгендер саны — 3662 адам, елден кеткендер саны — 9862 адам, көші-қон сальдосы — 6200 адам.
Ұлттық статистика бюросының ақпаратымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.