Home Басты тақырып Қазақстанда коронавирустан көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі өзгерді

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі өзгерді

0
976
Бас мемлекттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамның денесін жерлеу рәсіміне дайындау үшін 2 туысқаны қатыса алатын болды, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қаулыда COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу алгоритмі былай деп көрсетілген.
1.Денені ашу медициналық ұйымда биологиялық өлім анықталғаннан кейін алғашқы тәулікте жүргізіледі.
2.Диагнозды, өлімнің себептерін және гистологиялық және зертханалық зерттеудің басқа да түрлеріне биологиялық материалды алу мақсатында қайтыс болған адамның денесі патологоанатомиялық бөлімшеге тасымалданады.
3.Қалалық және облыстық қоғамдық денсаулық басқармалары COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін патологоанатомиялық зерттеу жүргізілетін патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдарды анықтайды.
4.Денені дайындауға балалар, қарттар (60 жастан асқан) және созылмалы патологиясы бар адамдар (тыныс алу аурулары, жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті немесе иммундық жүйесі әлсіреген) қатыспауы керек.
5.Денені дайындауға арналған үй-жайдағы беттер алдымен сабынды сумен немесе өнеркәсіптік өндірістің дайын жуу құралымен өңделеді, содан кейін нұсқаулықтарға сәйкес дезинфекциялау құралымен өңделеді.
6. Адамдар арасында 2 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып, респиратор, бір рет қолданылатын медициналық халат, қолғаптар, бахилал сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, жуу кезінде қайтыс болған адамның 2 адамнан артық емес туысқанының болуына жол беріледі.
7.Табытсыз көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) дезинфекциялау ерітіндісімен жуады және дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға (саван, «кебін») орайды. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, тығыз матаға оралады. Жерлеу кезінде саванды ашуға және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады.
8.Табытпен көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) қайтыс болған адамның мәйіті дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға оралады. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, қайтадан тығыз матаға оралады. COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйіті жерлейтін жерге жабық табытпен тасымалданады.
9.Жерлеу іс-шараларын өткізу үшін (жаназа, арулау және т.б.) туыстарымен қоштасу үшін мәйітті беруге рұқсат етіледі. Діни салтқа тек бір ғана діни қызметкердің қатысуына жол беріледі. Бұл ретте діни қызметші мен туыстары қайтыс болған адамның денесін ұстамайды.
10.Прозектурадан кейін дене мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру және тиісті қолхат алу арқылы қайтыс болған адамның туыстарына жерлеуге беріледі.
11.Жерлеуге қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы тиіс. Жерлеу барысында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау қажет.
12.CОVID-19 расталған/немесе ықтимал диагнозы бар қайтыс болған адамның мәйітін көму жеке зират бөлместен жалпы зираттарда жүргізіледі.
13.Қайтыс болған адамды (CОVID-19 расталған/немесе ықтимал диагнозы) басқа қалалар мен жерлерге тасымалдауға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.
14.Елдің аумағында СОVID-19-дан шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда мәйітті тасымалдау және оны көму бойынша барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.