Қырғызстанның бұрынғы екі президентіне халықаралық іздеу жарияланды

0

Қырғызстанның екі экс-президенті Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев «Құмтөр» алтын кенішін игерудегі сыбайлас жемқорлық фактілері үшін халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Республика Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бастығы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді.

Ақаев кен орнын 1990 жылдардан бері игеріп келе жатқан канадалық Cameco компаниясымен жасалған келісім бойынша қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін іздеу тізіміне алынды. Кейінгі келісімдер жасағаны үшін Бакиевке де осындай айып тағылып, іздеу жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Тергеу сонымен қатар Қырғызстанның экс-президенттері Алмазбек Атамбаев пен Сооронбай Жээнбековтің канадалық компаниялармен республика үшін қолайсыз келісімдер жасасуға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қырғызстанның тағы бірнеше жоғары лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, Жээнбековтің ағасы, парламенттің бұрынғы спикері Асылбек Жээнбеков пен экс-президент Бакиевтің ұлы Максим Бакиевке қатысты. Кейбір қырғызстандық шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды, қалғандары қамауда немесе іздеуде, деп хабарлады ТАСС.

Асқар Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстанның президенті болған. Төңкеріс нәтижесінде биліктен аластатылғаннан кейін Ақаев Мәскеуге кетті. Бакиев елді 2005-2010 жылдар аралығында басқарды және ол да қуылды. Кейіннен сот оны сырттай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, ол Беларусьте тұрады.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты