Вакцинациядан кейін 2212 қазақстандық коронавирус жұқтырды

0

Орталық коммуникациялар қызметінің онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова вакцина алғаннан кейін коронавирусты жұқтырған азаматтардың саны туралы хабарлады.

Есмағамбетованың айтуынша, вакцина алғаннан кейін бүкіл ел бойынша 2212 адам ауырған. 1 компоненттен кейін — 1 308, екіншіден кейін — 904 жағдай. Вакциналар бойынша: «Sputnik V» — 2024 жағдай, QazVac — 40 жағдай, HayatVax — 140 жағдай, CoronoVac — 6 жағдай.

«Егер біз егілгендердің санынан есептейтін болсақ, онда вакцинациядан кейін 0,05 % ауырған», — деп толықтырды Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы. Сондай-ақ, бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа арналған ПТР-тестілер неліктен тегін жасалмайтындығын түсіндіріп, шомылу кезінде коронавирусты жұқтыруға болатын-болмайтынын түсіндірді.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты