«Назарбаев кет!». Алматыда митингке жиналғандарды полиция қоршап алды
Алматыда шілденің 6-сы, Астана күніне орай Балуан Шолақ сарайы маңында тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық партиясы» жақтастарын полиция кеттлингке алды.
Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай түскі сағат 12:00-де өз жақтастарымен бірге Абай мен Байтұрсынұлы көшесінің қилысында билікке талаптарын айта бастаған сәтте полиция мен прокуратура өкілдері ескерту жасады.
Олар Мамай бастаған топқа өткізіп жатқан акциясы заңсыз екенін айтты. Ескертуді елемеген наразы топ шерулете бастағанда оларды полиция жасағы жан-жағынан қоршап алды. Қоршауда қалған наразы топ өз талаптарын айтып жатыр. Олар «Назарбаев кет!», «Қытай зауыттары салынбасын!» деп ұрандатты.
Алматыда Абай — Байтұрсынов көшелерінің қиылысында полиция қоршауында қалған бірнеше адам жарақаттанды.