Атырауда жүріп бара жатқан пойызға “шабуыл” жасалған (видео)

0
60346

Атырауда бір топ жас жүріп бара жатқан пойыздың артынан жүгіріп, оны тоқтатпақ болған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл оқиға 4 шілдеде Атырау облысындағы Қызылқоға ауданының Сағыз станциясында болған. Пойыздың артынан жүгірген жастар әскерден оралған достарын күтіп алыпты.

— Бейнежазбадағы жастардың барлығын анықтадық. Станцияға кірген пойыздың артынан жүгіріп, жастардың вагондардың тоқтауын күтуге шыдамдары жетпеген. Осы факт бойынша Сағыз ауылының екі тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл вагон баспалдағына жармасып шыққан 18-19 жастағы жігіттер. Оларға қатысты хаттамалар толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы («Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салынды, — деді Сағыз ауылдық округі желілік полиция бөлімінің бастығы Болатбек Іңірбай.

Сағыз станциясының жастары жиі төбелесетін елді мекен екендігі баршаға мәлім. Тіпті осындай төбелестер адам өлімімен аяқталған кездер де болған.