Қару асынған жігіт: «Ертең Нұр-Сұлтанда қызық болады»

0

Камуфляж формасын киіп, қолына қару ұстаған жігіт әлеуметтік желіде суретін жариялап, қала тұрғындарының үрейін ұшырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам астаналықтарға үндеуін VK әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Ертең Нұр-Сұлтанда қызық болады», – деп жазған ол.

Ер адамның қолында бірнеше қару, үстінде әскери жилет және камуфляж формасы бар.
Полицияның мәліметінше, суреттегі 23 жастағы астаналық. 25 маусымда «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің қолданушысы парақшасында қарумен түскен суреттерін жариялады. Сурет авторы әскери форма киіп алған. 102-ге қала тұрғыны хабарласып, ұлына «ертең астанада қызық болады» деген суреттер келгенін айтқан.

Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді.

«Сурет авторының айтуынша, ол страйкболмен айналысып, ол жазбаны «ВКонтакте» желісінде оқырман санын көбейту мақсатында жазған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша соталды тергеу басталып, атыс қаруына иелік етуін анықтау мақсатында баллистикалық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полициядан.