Қазақстандық жеңіл атлетші қыз Франция спортшысына тұрмысқа шықты
Қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова француз спортшысы Марко Туриге тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Марко Тури жеңіл атлетикадан Франция чемпионатының жүлдегері, сондай-ақ, триатлонмен де айналысады.
Жанна Мамажанова жақында Токио Олимпиадасына қатысу үшін Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Спортшы Австриядағы марафонда жүгіруден жетістікке жетті.
View this post on Instagram