Бекшин үнді штамын Алматыға кім әкелгенін айтты

0
Жандарбек Бекшин үнді штамының Алматыға қайдан келгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты.

Бекшиннің айтуынша, үнді штамын 1984 жылғы азаматша шет елден әкелген.

“Оның айналасындағы 7 адамды зерттеуге алдық, олар оқшауланды. Бұл отбасында үш адам бар, біреуі бала – 7 жаста. Оған кеше зерттеу жасадық, нәтижесі теріс болып шықты.

Азаматша жұқпалы аурулар станционарында оқшаулауда, ем алып жатыр. 7 жастағы қызы да оқшауланды. Жақын қарым-қатынаста болған – бес адам. Отағасы іссапарда, ол ақпанда коронавируспен ауырып шыққан, сондықтан оған жұғу қаупі минималды.

Сонда да біз оның жұмыс орнына бұл хабарды жеткіздік, ол да бақылауға алынды”, – деді Бекшин.

Сонымен қатар, Бекшин үнді штамын жұқтырған әйелдің үй шаруасындағы адам екенін, еш жерде жұмыс істемеген соң айтарлықтай көп адаммен байланыста болмағанын айтты.