БҰҰ ядролық қаруды қолданудың жоғары қаупі туралы ескертті

0

Ядролық қаруды қолдану қаупі қазір қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең жоғары деңгейге жетті, деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Идзуми Накамицу. Ядролық қаруды қолдану қаупі соңғы онжылдықта бұрын-соңды болмаған деңгейде болып отыр.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, қарусыздану жөніндегі жоғары өкілі Идзуми Накамицу сейсенбі, 22 маусымда Карнеги қорының бейнеконференциясында айтты.

«Ядролық қаруды қасақана әрекет ету, оқыс оқиға немесе қате есептеу арқылы қолдану қаупі қырғи қабақ соғыстан бергі ең жоғары деңгей», — деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Идзуми Накамицу. Накамицу сонымен қатар қару-жарақты бақылау режимі «күйреуді жалғастыруда» деп атап өтті.

Ядролық қаруды бақылау Ресей Президенті Владимир Путин мен Америка Құрама Штаттарының басшысы Джо Байденнің 16 маусымда Женевада өткен кездесуіндегі тақырыптардың біріне айналды.

Бірлескен мәлімдемеде олар «шиеленіс кезінде де, стратегиялық болжамдылықтың жалпы мақсатына жету, қарулы қақтығыстар мен ядролық соғыс қаупін азайту» мүмкіндігіне баса назар аударды.

Сонымен бірге Стокгольмдегі бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) 14 маусымда жарияланған есебінде әлемдегі 2000-ға жуық ядролық оқтұмсықтар жоғары дайындық жағдайында екендігі атап көрсетілген  және олардың көпшілігі Мәскеу мен Вашингтонға тиесілі.

Олар сондай-ақ әлемдегі ядролық қорлардың 90 пайыздан астамын құрайды. Екі ел де өздерінің ұлттық қауіпсіздік стратегияларында ядролық қаруға көбірек мән беріп отыр, дейді есеп авторлары.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты