«Смановтардың мешіті екен»: Cәуле Әбілдаханқызы Сарыағашта өзін мешітке кіргізбей қойғанын айтты

0

Сол себепті ол  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына заңды сауал жолдады.

Сәуле Әбілдаханқызы Facebook-тегі жеке парақшасында мешіт қызметкерлерінің өзін мешітке кіргізбей қойғанын жазды.

«Мешітке кіруге менің киімім және бұрымым жарамайды екен. Елімізде азаматтың құқығын таптаудың тағы бір көрінісі. Надандықтың шыңы деген де осы. Бұл мешіттің қызметкерлері (күзетшісі, тағы біреуі, ұстазы) неғып сонша маған агрессивті түрде жиырылды десем, Смановтардың мешіті екен ғой. Мен – бұлар үшін «жын» шығармын.

Бұлар мен үшін «жын» шығар. Әйтеуір ә дегеннен екіжақты «тебіліс» реакциясы жүрді… Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Бас имам мырза, бұл мешіттегілер менің киімімді жарамайды деп, әркім киген халатты кимесең кірмейсің деп кіргізбей қойғаны қаншалықты заңды??? Сіздер Құдайды мешіттен іздейсіздер. Мен де іздеп көрдім, таппадым. Өз Құдайым өзімде. Бизнес-мешітте емес. Менен ашық-шашық киім немесе мини-юбка немесе тырысқан киім көріп тұрсыздар ма? Әлде жалаңбаспын ба?»,– деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Желі қолданушыларының бірі оның сөзін қостап, бірі қарсы пікі жазды.

«Дұрыс емес қой! Сізді жау көргендей. Ашылып, көз тартып, дәреттері бұзылатындай киіміңіз жоқ. Пенденің Алласы жүрегінде, құлшылығы ниетінде. Алланың үйіне киімің дұрыс емес, шалбар болмайды деп мешітке кіргізбеу дұрыс емес. Алладан бұрын үкім шығарыптыда олар. Кімнің жәннаттық кімнің тозақтық, кімнің киімі дұрыс болмай тозаққа, кімнің киімі дұрыс болып жұмаққа кіретінін Алла білер! Әркім өз күнәсін өзі көтерер деп кіргізе бермей ме, кешірімді Алла кешіріп жіберер еді ғой ниеттің түзулігіне қарап».

«Шынында да мешітте ілініп тұратын халаттар жуыла ма екен? Әркім іліп жүре береді әйтеуір», «Мешітте отырған діндар адамдарды көрсек құдайды көргендей боламыз қандай мейірімді деп, наданы да бар десеңізші», «Алланың адамы болсаңыздар кешіріңіздер, жеке басына ғайбат сөз айтудан аулақ болыңыздар. Сәуле халқының аяулы қызы Ақжүнісі. Тазалық тек Аллада ғана. Әділ төреші Алла ғана. Бетегеден биік, жусаннан аласа болайық ағайын».

«Шаш адамның әурет жері саналады. Оны жабу керек. Шалдбардың орнынан ұзын киген жөн. Мешіт қызметкерлерінің талабы орынды», — деп жазды олар.