Ғалымдар қыздырылатын темекінің өкпе аурулары бар науқастарға әсерін анықтады

0

Италиядан келген ғалымдар тобы өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨCOА) бар науқастар арасында қыздырылатын темекінің денсаулыққа әсері туралы ұзақ мерзімді зерттеу жүргізді. Бұл зерттеу әлемде бірінші болып ӨСОА бар  пациенттердің денсаулығы үшін қыздырылатын темекі өнімдерін күнделікті қолданудың ұзақ мерзімді әсерін сипаттайды.

ӨСОА — әлемдік денсаулық сақтаудағы басты мәселелердің бірі болып табылады. Жақында бұл ауру өлім себептерінің арасында әлемде төртінші орынға ие болған, алайда ДДҰ мәліметтері бойынша 2019 жылы жүректің ишемиялық ауруы және инсульт сияқты аурулардан кейін үшінші орынға ие болды. Аурудың негізгі себептері ауаның ластануы және темекі шегу болып табылады. Итальяндық ғалымдардың зерттеуі аурудың дамуының негізгі себептерінің бірі — темекі шегу мен аурудың дамуын бәсеңдетуге көмектесетін әдістерді зерттеуді қамтыды.

3 жыл ішінде Катания университетінің тыныс алу аурулары және клиникалық иммунология маманы, профессор Риккардо Полозо бастаған ғалымдар ӨСОА пациенттерінің денсаулық көрсеткіштерін байқады, олар темекі тұтынуды едәуір қысқартты немесе толығымен тоқтатты және қыздырылатын темекіге көшті. Зерттеу көрсеткендей, темекі қыздыру жүйесіне толығымен немесе дерлік толықтай көшкен ӨСОА-мен ауыратын науқастарда өкпенің нашарлауы байқалмады, өршу аз болды және САТ (COPD Assessment Test — ӨСОА бағалау тесті) және физикалық белсенділік тесті жақсарды. ӨСОА-мен ауыратын науқастар дәстүрлі темекіден темекі қыздыру жүйелеріне ауысқаннан кейін тыныс алу белгілерінің жақсарғаны туралы хабарлады.

Зерттеу барысында пациенттер екі топқа бөлінді — олардың бірі темекі шегуді жалғастырды, екіншісі қыздырылатын темекі өнімдерін пайдалануға көшті. Өз кезегінде, қыздырылатын темекіге өткендер темекіден және «аралас» тұтынушылардан толығымен бас тартқандарға бөлінді. Ғалымдар зерттеудің басында және 12, 24 және 36 айдан кейін науқастардың жағдайын салыстырды. Олар спирометриялық көрсеткіштерді (тыныс алу көлемі мен жылдамдығы) өлшеп, ӨСОА (CAT) бағалау тестін қолданды. Сонымен қатар, физикалық белсенділік пен күніне шегілетін темекілер саны ескерілді.

Темекіні қыздыру жүйесіне толығымен немесе дерлік толықтай көшкендерде өкпенің нашарлауы байқалмады, өршу аз болды, CAT көрсеткіштері және физикалық белсенділік тесті жақсарды. Темекі шегуден бас тарту және қыздырылатын темекі өнімдерін пайдалануға көшу көптеген пациенттерге ауру ағымының ауырлығын GOLD классификациясына сәйкес ауырдан жеңілге өзгертуге мүмкіндік берді. Бұл ретте, тіпті «аралас» топта да күн сайын шегілетін темекі көлемі кем дегенде 70%-ға қысқарды. Мұндай науқастарда тыныс алу параметрлерінің дәйекті жақсаруы және өмір сүру сапасының жоғарылауы байқалды.

Маңызды қорытынды зерттеу барысында ӨСОА-ның өршуі шамамен 40% — ға біртіндеп төмендеді, олар қыздырылатын темекіге ауысқаннан кейін темекі шегуді тоқтатты немесе айтарлықтай азайтты. Бұл пациенттерде ӨСОА-ның алдын ала өршуінің үлесі клиникалық мәнге ие және стандартты дәрілік препараттарды қолдану кезінде байқалатынға ұқсас.

Қыздырылатын темекіге толығымен өткен немесе жанбайтын баламамен алмастыру арқылы темекі тұтынуды едәуір қысқартқан ӨСОА бар пациенттердің жалпы денсаулығы мен физикалық белсенділігінде дәйекті жақсарулар байқалды. Осы зерттеуде байқалған САТ тестінің және физикалық мәтіннің өзгерістері ӨСОА-мен ауыратын науқастарда қарқынды қалпына келтіру бағдарламаларынан өтетіндерге ұқсас.

«Осы зерттеу барысында іріктеменің салыстырмалы түрде шағын мөлшеріне қарамастан, оның нәтижелері темекіні қыздыру жүйелерін ұзақ мерзімді қолдану ӨСОА-мен ауыратын пациенттердің денсаулығына елеулі мәселелер туғызбайтындығын алдын ала куәландырады. Мұндай зерттеу алғаш рет жүргізілгенімен, оның нәтижелері күтпегендей болды. Қорытынды темекі түтінінің химиялық құрамы және соңғы 30-40 жылдағы ӨСОА патогенезі туралы білетінімізге сәйкес келеді. Біз дәстүрлі темекілерді никотиннің жанбайтын көздерімен, атап айтқанда темекі қыздыру жүйелерімен және вейптермен алмастыру айтарлықтай жақсартуға әкелетініне сенімдіміз», — деп атап өтті профессор Риккардо Полозо.

Итальяндық ғалымдардың зерттеуіне түсініктеме бере отырып, «Аман-Саулық» Қоғамдық қорының басшысы Бақыт Түменова шылым шегуден бас тарту ӨСОА-ның өршуінің алдын алуда басым болып табылатынын атап өтті. Бірақ барлығы темекі шегуді жалғастырудың қауіпті салдарын біле тұра, зиянды әдеттен бас тартуға дайын емес екендігін ескеру қажет. Сондықтан темекіні темекі қыздыру жүйесіне ауыстыру туралы осы зерттеу темекі шегушілер арасында аурудың өршуінің алдын алуда перспективалы және маңызды бағыт ашады.

«Темекінің жану өнімдері бірқатар аурулардың, соның ішінде өкпе қатерлі ісігі, ӨСОА сияқты қауіпті аурулардың туындауына себеп бола отырып, денсаулыққа орасан зор зиян келтіреді. Дәстүрлі темекіні қолданған кезде темекі шегуші никотинді ғана емес, темекіні жағу кезінде пайда болатын шамамен 6-8 мың түрлі химиялық қосылыстарды, оның ішінде денсаулыққа өте қауіпті қосылыстардың 100-ден астам түрін жұтады. Бұл зерттеу адамның өкпесіне зиян келтіретін негізгі фактор жану кезінде пайда болатын темекі түтіні екенін тағы бір рет растады. Ол қыздырылатын темекісі бар жүйелерге өткен пациенттер никотин алуды жалғастырса да, ауру ағымында айтарлықтай жақсарғанын көрсетті», — деп түсіндірді Бақыт Түменова.

Қазақстанда ӨСОА ауруы ресми статистикаға сәйкес 100 мың ересек адамға шаққанда 360-500 жағдайды құрайды. Бірақ 2013-2015 жылдары ТМД елдерінде CORE (Chronic Obstructive Respiratory diseases) тәуелсіз эпидемиологиялық зерттеуі жүргізілді, оның қорытындысы бойынша Қазақстанда ӨСОА ауруы ресми деректерден 17 есе артық. Яғни Қазақстанда ӨСОА–мен ауыратын науқастардың саны 1,3-1,5 млн.адамға жетуі мүмкін.

Анықтама:

Рикардо Полоза, ішкі медицина профессоры және Катания университетінің тыныс алу аурулары және клиникалық иммунология жөніндегі маманы, сол оқу орны жанындағы зиянды жедел азайту саласындағы озық білім Орталығының негізін қалаушы және клиникалық директоры. Доктор Полоза Еуропалық стандарттау комитеті (CEN/TC 437) жанындағы «Электрондық темекінің зиянды шығарындыларын тестілеудің талаптары мен әдістері» мәселелері жөніндегі Еуропалық жұмыс тобының жетекшісі болып табылады. Ол сонымен қатар Итальяндық темекіге қарсы лиганың (LIAF) «Электрондық темекіні зерттеу жөніндегі ғылыми комитеттің» қызметін үйлестіреді.

Умберто Просперини, м.ғ.д. — Таорминдегі «Сан-Винченсо» ауруханасының кеуде бөлігінің хирургы.

Альфио Пеннизи, м. ғ. д. — Casa di Cura Musumeci-Gecas жеке емдеу-оңалту орталығының пульмонологы.

Розарио Пулео, м. ғ. д. — Катания университетінің Академиялық клиникасының хирургы

Паскуале Капонетто, профессор, психолог-бихевиорист және Катания университеті (Италия) жанындағы темекі шегудің алдын алу және бас тарту Орталығында темекіден зиянды азайту саласындағы зерттеуші. Капонентто мырза LIAF электрондық темекіні зерттеу жөніндегі Ғылыми комитетінің мүшесі болып табылады