Шөкеевтің орынбасары 2 миллион пара алды деген күдікке ілінді

0

Шөкеевтің орынбасары 2 миллион пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы телеграм каналдар жазды.

Бір қызығы Меиржан Мырзалиев 17 мамыр күні денсаулығына байланысты демалысқа кеткен.

Түркістан облысындағы жемқорлық фактілері туралы заңгер Айгүл Орынбек өз ойын айтты.

«Дәл осы Шөкеевтің басқару уақытысында жемқорлыққа қатысы бар деп спорт басқармасының басшысы Қырықбаев 2 миллиардтан астам ақшаны жеп қойған деген күдікпен қамауға алынып, қәзір тергеу жүріп қасында бірге жегендер де қамалып жатыр.

Білім саласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті

9,5 миллиард мемлекет бюджет талан таражға салғаны экспертизамен анықталып, енді нәтижелі ісін бергелі отырған да, прокуратура жемқорлыққа қарсы агенттіке ауыстырып жіберіп, іс созбалаңға салынып жатыр деп шағым айтушылар көмек сұрап келген.

Түркістан медиа қаржы саласындағы да біраз былықтарды да осы жерде бұрынғы жұмыс істеген қызметкерлері бөлісті.

Салынған үйлердің сапасын да көріп өттіңіздер.

Мақтаарал да су шайып, үйлер салынып жатқанда , құрылысшы жігіттер жоғарыдағылар 18-20% пайыз откат сұрап жатыр деп ашық айтқан.

Түркістан да жемқорлық жоқ емес бар!

Тек қана жемқорлықпен күресетін агенттік жоқ!

Жемқорлармен күресу үшін Астанадан келіп ұстау керек! Хаким Көшқалиев дұрыс па?

Өзіңіз басқарған уақытта ірі шенеуніктерден кімдерді ұстадыңыздар?

Білім саласында пәленбай миллион хищение бар деген істі тергеп тексере алмай отырсыздар!

Орынбасарына қатысты істі жауып жіберсе таң қалмаймын, миллиарттап жеген істер шешімін таппай жатқанда, лимон әңгіме болыпты ма?

Ертең ақ құтылып кетеді.

Бұл Жемқорлық жайлаған Қазақстан емес пе?!» деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.