Қазандағы қанды қырғын: Қазақстан мектептерінде күзет күшейтіледі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазандағы оқиғадан кейін мектептердегі қауіпсіздік шаралары қатаңдатылатынын айтты.
«Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық. Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім. Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым», — дейді Аймағамбетов.
Министр нақты қандай шаралар қабылданатынын айтты. Әсіресе психологтардың балалармен жұмыс істеуіне ерекше мән берілмек.
«Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселері ғана емес.
Көп нәрсе нақты және дамыған әрекеттерге байланысты. Психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек. Бұл үлкен және бірлескен жұмыс. Балалар – біз үшін ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасауымыз қажет», — дейді Аймағамбетов.