СҚО-да екі айлық сәби анасы емізгеннен кейін көп ұзамай көз жұмды

0
2492

Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылында екі айлық сәби белгісіз жағдайда көз жұмды.

Қайғылы оқиға 7 мамыр күні болған.

«Қызылжар аудандық полиция бөліміне таңғы сағат 8.05-те Бәйтерек ауылында 30 наурыз күні туған сәбидің қаза болғаны жайында хабар түскен. Тәртіп сақшылары сәбиді қарау кезінде ешқандай дене жарақатын көрмеген. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деді полиция департаментінде.

Сараптамада «Емшектегі сәбидің кенеттен болған өлімі» деп қорытынды шығарды.

Шетінеген сәбидің анасы 6 мамырдан 7 мамырға қараған түні ол таңғы сағат 5.00 шамасында оянып, баласын емізгенін айтты. Кейін ұйықтатып, өзі де ұйықтаған. Таңертең сағат 7.30 шамасында оянған ол баласының демалмай жатқанын көрген. Туыстары бірден фельдшер шақырған.

Қазір осы дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс жан-жақты қаралып жатыр.