АҚШ зерттеу институты: Қазақстанда коронавирустан 81 696 адам қайтыс болған

0

Вашингтон Университетінің Медицина мектебінің IHME денсаулық сақтау көрсеткіштері және бағалау институты Қазақстанды коронавирустың өлімі ең көп болатын 20 елдің қатарына қосты. Мақала авторларының пікірінше, әлемде коронавирустың өлім саны нақты саны ресми көрсеткіштен екі есе немесе одан да көп.

Институттың жаңа талдауы бойынша, COVID-19 әлемде шамамен 6,9 миллион адамның өліміне әкеп соқтырды.

Рейтингте Қазақстан соңғы, 20 орында. Порталдың мәліметінше, елде қайтыс болғандардың нақты саны 81 696 адамды құрайды. Бұл кестеде ресми биліктің санағы да көрсетілген. Институттың мәліметтері бойынша Қазақстанда коронавирустың 5620 өлімі ресми тіркелген, ал Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 7 мамырдағы жағдай бойынша республикада коронавирустың ПТР расталған 3889 адам қайтыс болды делінген. 829 адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. Барлығы 4718.

Сонда заңды сұрақ туындайды, біз ДенСауминнің ресми ақпаратына сенеміз бе, әлде алыс АҚШ-тағы тәуелсіз зерттеу орталығына ма?

Біздің билік ковидтан қайтыс болғандар санын не үшін жасырады?

The 20 countries with the highest number of total COVID-19 deaths, March 2020­–May 2021 

Country  Total COVID-19 deaths  Reported COVID-19 deaths 
United States of America 905,289 574,043
India 654,395 221,181
Mexico 617,127 217,694
Brazil 595,903 408,680
Russian Federation 593,610 109,334
United Kingdom 209,661 150,519
Italy 175,832 121,257
Iran 174,177 72,906
Egypt 170,041 13,529
South Africa 160,452 54,390
Poland 149,855 68,237
Peru 147,765 62,739
Ukraine 138,507 46,737
France 132,680 105,506
Spain 123,786 85,365
Germany 120,729 83,256
Indonesia 115,743 45,938
Japan 108,320 10,390
Romania 87,649 28,382
Kazakhstan 81,696 5,620