Home Жаңалықтар Баласы мен әйелінің көзінше асылып қалған: Ақтауда полиция ер адамның үстінен түсті

Баласы мен әйелінің көзінше асылып қалған: Ақтауда полиция ер адамның үстінен түсті

0
1587

Ер адам Ақтауда әйелі мен балаларының көзінше асылып қалмақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Tumba.kz басылымы 7 мамырда 102 пультіне 3 шағын ауданда әйел көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды.

«Өтініш берушінің айтуынша, күйеуі өз-өзіне қол жұмсайды. Дереу осы мекен-жайға патрульдік полиция батальонының ең жақын экипажы жіберілді. Шақыртуға келген Е.Орынбасар мен А.Тәуекел 2-қабатқа көтерілді. Алайда пәтердің есігі жабық болған, ішінен әйелдер мен балалардың айқайы естілді. Пәтерге кірген полиция белдікке ілінген ер адамды көрді. Қуанышқа орай, қызметкерлер оны құтқарып қалды», – деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Ер адамның неге мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз. Оны одан әрі тексеру үшін Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізді.