Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ төрағасы болып тағайындалды

0

Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Сауранбаев бұл қызметте Сауат Мыңбаевтың орнын басты.

 

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бүгін таңертең Сауранбаев Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

ҚТЖ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Cауат Мыңбаев денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кетуге шешім қабылдады. 22 қаңтарда оның спортпен шұғылдану кезінде омыртқасынан ауыр жарақат алғаны белгілі болды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол Германияның Шарите клиникасына жеткізілді. ҚТЖ баспасөз қызметі оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп сендірді.

 

Содан бері белгілі телеграм-арналардың «түрлі ақпарат дереккөздеріне» сілтемелері бар таспаларында Сауранбаев «Қазақстан темір жолы »ҰК» акционерлік қоғамының басшысы лауазымына басты кандидаттардың бірі болып табылады деген болжамдар белсенді түрде айтылып келді.