Ресей әлсіз, сондықтан ол агрессивті — Еуропалық сарапшы
Агрессия арқылы Ресей өзінің әлсіздігін көрсетіп отыр. Мұндай пікірді Финляндияның бұрынғы премьер-министрі, экс-сыртқы істер және қаржы министрі Александр Стубб білдірді. Стубб Ресей экономикасы тоқырап, ескірген деп санайды.
«Олар энергия экспортына тәуелді болып қала береді. Ресей экономикалық салада ЕО-мен бәсекеге түсе алмайтынын біледі», — деп атап өтті фин саясаткері. Еуропаның әлемдік экономикалық лиганың үштігіне кіретіндігін, оның экономикасы Ресейден айырмашылығы заманауи, серпінді және көпқырлы екенін айтты Стубб.
«Ресей құрметке құштар және өзін өзін қырғи-қабақ соғыстан кейінгі үлкен өзгерістердің құрбаны ретінде көруді жалғастыруда. Ол өзін әлсіз сезінеді, сондықтан өзін агрессивті және қарсылас ұстайды», — дейді Стубб.
Оның пікірінше, егер Ресей күшті болса, дыбыс деңгейіне бақылау жасайтын еді. «Біздің қазір естіп отырғанымыз — әлсіз күш шығарған шу», — деп қосты фин саясаткері. Ол Ресей демократиялық құндылықтарды өзі үшін басты қауіп деп санайтынына сенімді, «сондықтан ол өзінің ықпал ету саласының бір бөлігі деп санайтын елдердің демократияға көшуіне жол бермейді».
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты