Интернетте марқұм Аяжан Еділованың соңғы аудио хабарламалары пайда болды

Айуандықпен өлтірілген Аяжан Еділованың туыстары күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды.

0
9993

WhatsApp-та марқұм Аяжан Еділованың соңғы аудио хабарламалары пайда болды. Онда не айтылғанын төмендегі видеодан қарай аласыз.

Бір айта кетерлік жайт, видео әлеуметтік желіге 31 наурыз күні жүктелген.

 

«Мен бір жаңағы адаммен сөйлестім. Енді таргет дұрыс болмағаннан кейін, сондықтан біз бартер жасағымыз келеді. Мен оған айтамын: пост, екі тик-ток, бір деп айтамын. Дұрыс па?» – дейді Аяжан осы аудиожазбада.

Ол бұл аудионы 21.55-те WhatsApp-қа жазғаны белгілі болды, бірақ қай күні белгісіз.

Еске салайық , студент 19 наурызда жоғалып кеткен. Оны іздеуге еріктілер мен полиция қосылды. 21 наурызда БАҚ қыздың өлі күйінде табылғанын хабарлады. Кейіннен жәбірленушінің туыстары оның денесі бөлшектелген деп хабарлады.