Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. 2-4 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында кей уақытта тұман болжанады. 4 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылордада күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с деңгейінде болжанып отыр.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 17-22 м/с. Ақтауда күндіз шаңды дауыл тұрады деп болжануда. Күндіз оңтүстік-шығыстан  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.