Home Жаңалықтар Карантин талаптары күшейтілсе, тұрғындарға 42 500 теңге берілетіні рас па?

Карантин талаптары күшейтілсе, тұрғындарға 42 500 теңге берілетіні рас па?

Қазақстанда карантиндік шаралар тек демалыс күндері ғана күшейтіліп жатыр екен. Сол себепті министрлік әзірге 42 500 теңгеден беру жайын жоспарламаған көрінеді.

0
664

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты елде карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Осыған орай ел тұрғындарын былтырғыдай 42 500 теңге беріле ме деген сауал мазалап жүр. Десе де еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері әзірге ондай жоспар жоқ екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше бүгінде Қазақстанда карантиндік шаралар тек демалыс күндері ғана күшейтіліп жатыр екен. Сол себепті министрлік әзірге 42 500 теңгеден беру жайын жоспарламаған көрінеді.

«Қазақстанның кей аймақтарында шектеу шаралары енгізіліп жатқаны рас. Ондай шектеулер тек қызметтің кей түрлеріне, демалыс күндері ғана енгізіліп отыр. Елде бизнесті қолдау мақсатында түрлі салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Осыған байланысты қазіргі күні 42 500 теңгені беру жоспарда жоқ»,-деп атап өткен ведомство өкілдері.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету