Сағынтаев: Қала жабылмайды. Бұл мәселе қаралып жатқан жоқ
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Аkimat Live бағдарламасында қаланы жабуға пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қала жабылмайды. Бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. Қабылданған шектеу шаралары коронавирус таралуының алдын алуға көмектеседі және жағдай тұрақталады деген үміттеміз. Алматыда 20 наурыздан бастап шектеу шаралары енгізілді.
27 наурызда кейбір түзетулер енгізілген шектеу шараларын тағы екі аптаға ұзарту туралы қосымша қаулы қабылданды. Келесі аптаның соңында жағдайдың қандай болатынын шһһгбайқаймыз. Егер жағдай тұрақты болса, онда шектеулерді қайта қарастырамыз. Бірақ жағдай нашарласа, бәрі болуы мүмкін», — деді Бақытжан Сағынтаев.
Алматы әкімі атағандай, шектеу шаралары екі аптаға ұзартылды.