Есеп 2:0. Футболдан Қазақстан құрамасы Франциядан жеңілді

0

Елордада өткен Қазақстан мен Франция арасындағы футбол ойынында, ел құрамасы ұтылып қалды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. Кездесуде Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бүгінгі ойында соңғы әлем чемпионы — Франция емін-еркін қимыл көрсетті. Алғашқы минуттан шабуыл шебіне көбірек көңіл бөлді. Алаң иелері қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Осылайша тізгінді қолға алуға тырысты. Қазақстандықтар негізінен қорғанысқа көңіл бөліп, қарсыластар шабуылына төтеп берді. Дегенмен 19-минутта француздық шабуылшы Усман Дембеле қазақстандық құрама қақпасынан саңылау тапты.

Ал 44-минутта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды. Екінші кезеңде француздар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Десе де діттеген мақсатына жете алған жоқ, Тіпті, атақты футболшы Килиан Мбаппе алаң иелері қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кетті. Оның тепкен соққысын қазақстандық қақпашы Александр Мокин сыртқа шығарып үлгерді.

Франция төрт ұпаймен турнир кестесінде көш басына шықты.