«Алғаш жыныстық қатынастан соң қан шықпады. Жігітім бүлінген тауар деп қорлай бастады»
Біз консерватив отбасында тәрбиеленген Қазақстанның түрлі өңірінде тұратын төрт қызбен әңгімелестік. Некеге дейінгі секс олардың психикасы мен өміріне қалай әсер етті? Олар комплекстермен қалай күресті? Қазір құндылықтары қандай? Кейіпкерлеріміз әңгімелеп берді. Сондай-ақ психолог пен гинекологтан алғаш жыныстық қатынасқа моральдық және физикалық тұрғыда дайындық туралы сұрадық.
Кейіпкерлердің аты өзгертілді
Айша, 29 жас
Туған жері: Көкшетау
Қыздық — бұл, әрине, жақсы. Қыз үшін дене тазалығы маңызды болса, жақсы. Бірақ ата-аналар қыздарды тәрбиелеуде оның жеке қасиеттерін де ескеруі керек. Қыздық қыздың бойындағы басты қасиет емес.Дегенмен, қыздарды бірінші кезекте өзін сүю, даму, өзін бірінші орынға қою және жеке құндылығын қалыптастыруға тәрбиелесе екен деймін. Қыз тұрмысқа шыққанға дейін жыныстық қатынасқа түссе, оны екінші сорттағы адам деп қарау дұрыс емес. 21 ғасырда адамдар өзге планеталарды зерттеуге тырысады, ал пәктік тақырыбы өзектілігін жоғалтты.Қыздарға бір айтарым: алғаш жыныстық қатынас сияқты маңызды сәтті шын сүйетін адамыңмен өткізген жөн. Әйтпесе, жүрегіңде өмір бойы сызат қалады.
Фариза, 26 жас
Туған жері: Атырау
Құдайға құлшылық еткенде жан тыныштығын іздеп, тазаруға тырысамын.
Одан кейін жыныстық қатынасқа түскенімізде жігітім өте дөрекі болды. Бұл мені еліртудің орнына, қорқытатын еді. Сонымен қатар, қатынас кезінде боқтайды, ал мен көбіне ұрып жібереді ме екен деп қорқып жатамын. Жігітімің комплексі бар екен: үнемі «төсектес болатын» жігіттердің пенисі менікінен үлкен бе деп сұрай беретін еді. Өзі секстен соң жоқ болып кетеді. Аңқау, ақымақ болған екенмін.Біраз уақыттан кейін күйзеліске түсіп, бөлмемнің есігін жауып, күні бойы жылайтын едім. Мені жай ғана пайдаланып кеткендей жағымсыз сезім болды. Секстен жиіркене бастадым. Бір сәтте өзімді қолға алып, киімімді жинап астанаға кетіп қалдым. Бірақ өз-өзімнен әлі де жиіркенетін едім, сондықтан намаз оқи бастадым. Құдайға құлшылық еткенде жан тыныштығын іздеп, тазаруға тырысамын.Жыныстық қатынасқа тезірек түскісі келетін қыздарды жақсы түсінемін. Менің кеңесім: асықпаңыз! Егер ағзаңдағы гормондар маза бермесе, фитнеспен айналысыңыз. Асығыс қабылдаған шешімге өмір бойы өкінгенше, сенімді адамды күту керек.
Ұлжан, 31 жас
Туған жері: Шымкент
Кейіннен араласып жүрген бір жігіт менен «қызсың ба?» деп сұрады. Оған дейін бір жігітпен қатынасқа түскенімді естігенде, тек «пәк» қызға үйленетінін мәлімдеді. Мен үшін бұл ауыр соққы болды. Қазір бәрін ұмыттым. Ту сыртымнан мені бүлінген, лас деп атайтындар бар. Мұндай әңгімеге назар аудармаймын: лас адамдардың ойы да, сөзі де лас.Біздің қоғамда қыз қателессе ешкім оны кешірмейді. Егер кешкі сағат 9-дан кейін көшеде жүрсе, автоматты түрде «бұзылған» болып есептеледі. Достарымның арасында «үйленгім келеді, бірақ пәк қыз жоқ» дейтіндер бар. Үйленгенге дейін қыздардың «пәк» болуын талап ету әділетсіз әрі дұрыс емес. Қазіргі қоғамның бұған деген көзқарасы қашан өзгеретіні белгісіз. Қыздықты сақтау немесе сақтамау — әр қыздың таңдауы. Шешімді қыздың өзі қабылдауы тиіс.
Диляра, 25 жас
Туған жері: Теміртау
Уақыт өткен сайын кейбір ойларым өзгере бастады. Қыздық перденің болуы мені еш бағалай алмайтынын түсіндім. Жасым 25-ке толғанда моральдық тұрғыда дайындалып, жігітіммен жыныстық қатынасқа түстім. Жігітіме бірден ашыла алмадым, сондықтан алдымен қасында төрт түн түнедім. Мен мұны қалайтыныма, шынымен дайын екеніме көз жеткізгім келді.Мұндай шешім қабылдағаныма өкінемін бе? Жоқ. Қатынасқа түспестен бұрын маған үйленемін деп уәде берді ме? Жоқ. Өзімді құрметтеймін бе? Иә. Екі тамшы қанның айналасында түсініспеушіліктің болуын түсінбеймін. Қызыма тұрмыс құрмайынша секспен айналыспа деймін бе? Жоқ. Оған тұлға ретінде дамы, тәуелсіз, рухты бол деймін.
Ата-аналар балаларымен гормоналды жетілу және жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесуі керек. Ата-аналарға арналған шеберлік сабақтарында қазіргі аналар мен әкелер де балаларына негізгі ақпарат бермейтінін анықтадым. Секс тақырыбы бізде әлі тыйым салынған. Бұл атын атауға болмайтын Волан-де-Морт сияқты. Ерте ме, кеш пе балалар бұл тақырыпқа қызығушылық таныта бастайды. Порнография көреді немесе біреуден бұрмаланған ақпарат алады. Баланың ойында жыныстық қатынас — арам, лас, ұят нәрсе деген түсінік қалыптасады.Ата-аналар өздігінен білім алуы керек, кітап оқып, баламен физикалық өзгерістер, контрацепция әдістері туралы қалай сөйлесуге болатынын білуі тиіс. Адамда жыныстық сауаттың жоғынан алғаш секс асығыс, қорғалмаған болады және денсаулық пен психикада проблемалар тудырады. Егер ата-анаңыз сізге маңызды білім бермеген болса, онда бәрін өзіңіз зерттеуіңіз керек.
Қыздар мынаны білуі тиіс:
Алғаш жыныстық қатынасқа түсуге арналған қолайлы жас жоқ. «О, мен 25-ке толдым, сондықтан уақыт келді» деген нәрсе жоқ. Жаныңызда сенімді адам болуы тиіс. Асықпаңыз, жыныстық қатынасқа түсіп үлгересіз. Алдымен өзіңіз қалайтын адамды таңдау керек. Оның үстіне, әркімнің моральдық және физиологиялық жетілуі әртүрлі. Гормондар туралы білу керек. Мүмкін сіз әлі толық дайын емес шығарсыз? Бірақ гормоныңыз «ойнауы» мүмкін. Мұндай жағдайда көңіліңізді басқа нәрсеге ауыстырыңыз. Ваннаға су толтырып жатыңыз немесе массаждан рахаттаныңыз. Қоғамның немесе жігітіңнің қысымына көнбеңіз. Өзіңізді, қалауыңызды түсіну маңызды. Өзіңіз үшін жыныстық қатынасқа деген көзқарасыңызды, сізге қандай серік керегін анықтап алуыңыз қажет. Жыныстық қатынасқа қаншалықты дайын екеніңізді достарыңыз, жігітіңіз немесе ата-анаңыз емес, тек сіз білесіз. Серігіңмен сенімді қарым-қатынаста болу. Жігітіңіз сыпайы, мұқият болуы керек, ал сіз секс кезінде көңіліңіздегі нәрсені бірден айтуыңыз керек. Алғаш жыныстық қатынас сіз елестеткендей болмауы мүмкін. Бұл — норма. Ол үшін уақыт және тәжірибе қажет. Алғаш секс әртүрлі: керемет немесе жаман болуы мүмкін.
Бақытты болудың үлгісін қоғам, ата-ана таңып береді. Тұрмысқа «пәк» болып шықсаң бірден балалы боласыңдар, сол кезде ғана бақытты боласың. Ал олай болмаса, сен бүлінгенсің. Алайда, әркімнің маңдайына әртүрлі тағдыр жазылған, әркімнің бақытқа таласы бар. Бұрын тұрмыс құрғанға дейін «пәк» болмағаның үшін қоғам тарапынан қудалау болғаны рас. Ол кезде бұл өліммен тең, себебі адам жалғыз өзі күн көре алмайтын еді. Ал қазір қоғам пікіріне қарамай, өзіңді дамытумен айналысуыңа болады. Өзіңізді алдамаңыз, қателесуіңізге мүмкіндік беріңіз. Бұл өмір ғой, ол мінсіз бола алмайды.
Darmed орталығының гинеколог-маманы
Бірінші жыныстық қатынас үшін жіті дайындық қажет: екі серіктестің жақсылап ойланып қабылдаған нақты шешімі және контрацептивтер. Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейінгі жағдайдың өрбуінің төрт жолы бар: Ештеңе болмайды; сіз жүкті боласыз; сіз инфекция жұқтырасыз; осы нұсқалардың қосындысы: жүктілік және инфекция.Адамдардың көбі жыныстық қатынасқа алғаш түскен кезде HPV (адам папиллома вирусы) жұқтырады. Өкінішке қарай, мен акушерлік және гинекология саласында жұмыс істеген кезімде жыныстық қатынасқа презервативсіз түскісі келгендіктен тексерілуге келген жұпты көргенім жоқ. Көбіне жігіт қыздың денсаулығында белгілі бір проблемалар тудыратын инфекцияның таратушысы болуы мүмкін.
Алғашқы қарым-қатынас кезінде қыздық перде радиалды түрде жыртылуы мүмкін, сондықтан секстен соң қан шығады. Кейде қыздық перде жай созылып кетеді, сондықтан қан болмауы мүмкін. Бұл — норма. Біздің орталықтың инстаграмына жігіттер «Алғаш жыныстық қатынас кезінде қызда қан болмағанын, алайда қыз өзін «пәкпін» деп айтады, бұлай болуы мүмкін бе?» деп сұрайды. «Бұл — жиі кездесетін, қалыпты құбылыс» деп жауап береміз.Сондай-ақ қыздар алғаш жыныстық қатынастан соң екінші рет қай кезде секспен айналысуға болатынын сұрайды. Алдымен хал-жағдайыңа қарау керек. Егер алғаш түні ауырсыну сезінсеңіз, толығымен сауығуды күткен дұрыс. Егер сіз де, жігітіңіз де өзін жақсы сезінсе және ең бастысы секспен қайтадан айналысқыңыз келсе, онда денсаулыққа еш қауіп жоқ.
Дереккөзі: the-village-kz.com